Марқакөл қорығы аумағында күзгі марал санағы жүргізілді. Мамандар олардың саны қанша екенін дауысын тыңдау арқылы анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қыркүйектің соңына қарай осы жұмысты біржақты ету үшін бес инспекторлар тобы мақсат еткен жерге барды. Қорықшылар неге із арқылы емес, дауысына құлақ түре санайтындықтарын түсіндіріп берді.
- Марал санын неліктен осы әдіспен түгендеп жатырсыздар дейсіздер ме? Себебі, күзде учаске аумағындағы жануарларды із бойынша табу қиынға түседі. Кейде өкіріп, ыңырана айқалап, нешеу екенін білуге мүмкіндік береді. Инспектор тағының дауысын салатын арнайы түтікті алып, дыбыс шығарады. Әдетте маралдың еркегі жауап қатады. Себебі, күйлеп жүрген маралдан айырылып қалғысы келмейді. Әр дарақтың дауысы ерекшеленеді, санақ жүргізуге де жеңіл, - деді инспекторлар.
Қорық қызметкерлері маралдың еркегі екі-үш марал ертіп жүретінін айтты. Бұларддың жақындасатын уақыты таңертең және кешке таман екен. Сол үшін инспекторлар осы уақытта жұмысты күшейтеді.
«Самойлово» учаскесінде бес жасар маралдың еркегі түтікше дыбысына жауап қатты. Кейін анықталғандай, соңында екі марал төлімен еріп барады. «Ельник» учаскесінде үш жасар маралдың еркегі бар екенін тіркеді. «Шүмек», «Матабай», «Шұбар Қарағай», «Тополевка» және «Маральник» учаскелерінде ізі байқалды, алайда жануардың өзі көзге ілікпеді. Сөйтіп, қорық аумағында әзірге кемі он марал бар екені белгілі болды. Мұндай әдіс қысқы маусым басталғанша жалғасады.
Фотосурет ашық дереккөзден
Пікірлер