A+ A A-

talgatzhan 0 Кеше, 15:30 0

Қалжыр өзенінен қайықтан құлаған адамның денесі табылды

Марқакол / Бүгін

«112» арнасына хабарласқан адам Марқакөл маңындағы Қалжыр өзенінде адамның жоғалып кеткенін айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Анықталғандай, резеңке қайықпен өзенде жүзіп келе жатқанда қайық аударылып, 1956 жылғы ер адам суға құлап кеткен. Соған байланысты жедел іздестіру штабы құрылып, іздеу аумағы төрт учаскеге бөлінді.
Inbusiness.kz ақпаратынша, жұмыстар құрлықта, суда және дрондардың көмегімен жүргізілді. Алайда Қалжыр өзенінің қатты ағысы, жартасты, қолжетімсіз таулы аймақ іздестіру жұмыстарын қиындатты.
– Ер адамның мәйіті Марқакөл маңындағы Қалжыр өзенінен, оқиға орнынан 13 шақырым жерден табылды. Іздеуге құтқарушылар, полицейлер және орман шаруашылығы қызметкерлері жұмылдырылды. Ол резеңке қайықпен жүзіп келе жатып, өзеннің қатты ағысына төтеп бере алмай, суға кеткен, – деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен.

Фотосурет Astana.kz сайтынан

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив