Күршім ауданынан бөлініп шыққан Марқакөл ауданының әкімі болып Рүстембек Кемешев тағайындалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Марқакөл ауданына жұмыс сапары барысында жаңа әкімді тұрғындарға таныстырды.
Аудан әкімі болып Рүстембек Кемешев тағайындалды. Бұған дейін Марқакөл ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған.
«Рүстембек Кемешев 2019 жылдан бастап Марқакөл ауылында жұмыс істейді. 2020 жылдан бастап ауылдық округ әкімінің міндетін атқарған. Сондықтан жаңадан құрылған ауданның жағдайын біледі, келешегі мен осал тұстарын түсініп, ең бастысы Марқакөлдің тыныс-тіршілігін жақсы жаққа өзгертіп, еңбек етуге дайын», - деді облыс әкімі.
Рүстембек Кемешов Шығыс Қазақстан облысының тумасы. Еңбек жолын бастағаннан бері облыстан кетпеген.
Пікірлер