Аудан 30 пәтерлі үш қабатты үй құрылысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Облыс әкімдігі мәліметінше, құрылыс жұмыстарының 70%-ы орындалған. Тұрғын үйді желтоқсан айында пайдалануға беру жоспарланған. Дайын пәтерлер тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға бөлінеді.
– Үйді белгіленген мерзімде аяқтап, сапа талаптарын қатаң сақтау өте маңызды. Үйді бөлу кезінде бірінші қабаттағы пәтерлерді ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға қарастыру қажет, – деді ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов.
Пікірлер