453.87 508.33 5.65
A+ A A-

Өскеменде кәсіпкерлерге абаттандырудың жаңа қағидалары түсіндірілді

Өскеменде кәсіпкерлерге абаттандырудың жаңа қағидалары түсіндірілді [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Қыркүйектің 14-күні Жібек-маталар комбинаты шағынауданында қала әкімдігіне қарасты кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі мамандарының, Орталық аумақтық басқарма қызметкерлері және полиция өкілдерінің қатысуымен бірлескен рейд өткізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Іс-шараның мақсаты сол, 1 шілдеден бастап күшіне енген қалалар мен елдімекендер аумақтарын абаттандырудың жаңа Үлгілік қағидалары талаптарын кәсіпкерлерге түсіндіру.

Рейд барысында дүкендер, кафелер мен басқа да коммерциялық нысан иелеріне өздеріне тиесілі нысандарға іргелес аумақты 5 метр радиуста таза ұстау, қоқысты уақтылы шығару міндеттері түсіндірілді. Сондай-ақ ғимараттардың қасбеттері мен кіреберіс аймақтарын тиісті жағдайда ұстау міндеттері айтылды.

Тексеру қорытындысында абаттандыру қағидалары талаптарын бұзған кәсіпкерлерге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505-бабына сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сонымен қатар оларға абаттандыру қағидалары талаптарын сақтау қажеттілігі тағы да ескертілді.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив