A+ A A-

talgatzhan 80 21-11-2024, 14:23 0

Жекпе-жек сарайының маңдайшасына Қажымұқан Мұңайтпасұлының есімі әлі жазылмады

Өскемен / Спорт / Бүгін

Сайт тілшісі 2021 жылы осы туралы көлемді мақала жазған болатын. «Нартұлғаға назар аударар кез келді» деп тақырып қойсақ та, көтерілген бастаманың орынды екенін айғақтайтын мысалдар келтірсек те, бүгінге дейін еш өзгеріс жоқ. Өскемендегі Жекпе-жек сарайына даңқты балуанның есімі 2019-шы жылы берілген. Бірақ құжат жүзінде ғана сияқты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұрынғы басшы не деп еді?
Себебі, спорт нысанының дәл алдында да, ішкі бөлмелерінде де Қажымұқан Мұңайтпасұлы туралы еш мәлімет, бірде-бір сөйлем жоқ. Мақала жазылған жылы дәл жанындағы Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика манежі мен Борис Александров атындағы спорт сарайын мысал еттік. Екеуі де Олимпиада чемпиондары. Олардың жетістіктеріне облыстан асып, тұтас республика халқы бөркін аспанға атып қуанған. Бірі шайбалы хоккейден 1976 жылы Инсбрук қаласында өткен Қысқы Олимпиада ойындарында алтын медаль еншілесе, екіншісі 2012 жылы Лондон төрінде үш қарғып секіруде қарсылас шақ келтірмеді.
Ал француз күресінен Әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақтың есім-сойын әлі ешкім әйгілеп айтуға асығар емес. Онымен қоса, өзі, ел спортына сіңірген еңбегі қоса көмескі тарта бастаған өзге спортшылар бар. Егер спорттық мәртебе тұрғысынан қарасақ, Әлем чемпионатына қарағанда Олимпиада ойындарының бәсі жоғары. Таңдаулы атлеттер сұрапыл іріктеулерден өтіп, төрт жылда бір бас қосады. Бірақ сонау 1909-1914 жылдары француз күресін алсақ та, ол кезде аяусыз белдесетін алыптар тегеурінін сөз етсек те, жарыстың деңгейі біршама биік болғаны белгілі. Бұрын тер төккеннен кейін ағзаны қалыпқа келтіру үстіртін жүргізілсе, бүгінде спорттық медицина қарыштап дамуда. Әбден әлсіреген адамға әл-қуат сыйлайтын дәруменнің түр-түрі тағы бар. Осының бәрін жік-жігімен сараласақ, Қажымұқан Мұңайтпасұлының толағай жетістігі бір спорт нысанының алдынан төбе көрсетуге орынды сияқты.
Жекпе-жек сарайының толық атауы – Қажымұқан атындағы ШҚО жеке күрестен мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебі. 2021 жылы осы тақырыпты желкен етіп, дене шынықтыру және спорт басқармасына сұраухат жіберген болатынбыз. Ол уақытта басқарма басшысы болып Досжан Уалханов есімді азамат жұмыс істеп жүрді. Сонда мынадай жауап ұсынып, көңілге үміт отын тұтатқан еді.
– Басқармаға коммуналды мемлекеттік мекемеден 2021 жылдың наурыз айында «Қажымұқан атындағы Жекпе жек сарайы» маңдайшасына көлемді жарық белгісін орнатуға қаражат бөлу туралы қосымша бюджеттік өтінім түсті. Ақшаның бөлінуі туралы мәселе алдағы облыстық мәслихат отырысында қаралады,  – деген еді Досжан Уалханов.
Осы жауапты оқып алып, өзгерістен дәмелі болғанымыз рас. Кейін ілкімді іс-әрекет байқалмай кетті. Жуықта осы тақырыпты қайта көтердік. Дене шынықтыру және спорт басқармасында қазір басшының орынбасары қызметіндегі Серік Құсұмбаевтың сөзінше, Жекпе-жек сарайы 2014 жылы салынды. Ұзын-саны 1200-ге жуық бала мен жасөспірім бекітілген кестеге сәйкес жаттығады. Олар еркін күрес, грек-рим күресі, бокс, семсерлесу, таеквондо, кикбоксинг, самбо және каратэ бойынша шеберліктерін шыңдайды. Халықаралық деңгейдегі жарыстардың өткізіліп жүргенін де жасырмаймыз. Бірақ Жекпе-жек сарайының маңдайшасына балуан есімін жарқыратып жазып қойса немесе нартұлғаға кеудемүсін орнатса, қанша жастың жігері оянып, рухы асқақтар еді.


Жабырқатқан жауап

Өкініштісі сол, Досжан Уалханов сыйлаған болмашы үміт сәулесі енді біржола өшкен сияқты. Себебі, Серік Қасенұлы берген жауабында осыған қатысты нақты ақпарат ұсынылды. Бірақ тым ұзын-сонар.
– ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 11 маусымдағы № 392 қаулысымен Қажымұқан Мұңайтпасұлы есімі Сәтпаев даңғылы 82/1 мекенжайындағы Жекпе-жек ғимаратына емес, ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «Қажымұқан атындағы Шығыс Қазақстан облыстық жеке күрестен мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебі» КММ-ға берілді, – деді басшысының міндетін атқарушы Серік Құсұмбаев.
Түрлі дереккөзін шолып шығып едік, даңқты балуан есімі берілген спорт орталықтары анау айтқандай көп те емес. Бірі – Шымкенттегі орталық стадион, бірі – Астанадағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі. Одан бөлек, спортшы өмірінің соңғы жылдарын өткізген ауылда спорт мұражайы бар. Өкініштісі сол, Досжан Уалханов сыйлаған болмашы үміт сәулесі енді біржола өшкен сияқты. Себебі, Серік Қасенұлы берген жауабында осыған қатысты нақты ақпарат ұсынылды. Бірақ тым ұзын-сонар.
– ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 11 маусымдағы № 392 қаулысымен Қажымұқан Мұңайтпасұлы есімі Сәтпаев даңғылы 82/1 мекенжайындағы Жекпе-жек ғимаратына емес, ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «Қажымұқан атындағы Шығыс Қазақстан облыстық жеке күрестен мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебі» КММ-ға берілді, – деді басшысының міндетін атқарушы Серік Құсұмбаев.
Түрлі дереккөзін шолып шығып едік, даңқты балуан есімі берілген спорт орталықтары анау айтқандай көп те емес. Бірі – Шымкенттегі орталық стадион, бірі – Астанадағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі. Одан бөлек, спортшы өмірінің соңғы жылдарын өткізген ауылда спорт мұражайы бар. Нақты айтсақ, Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Темірлан ауылы. Спорт мұражайына балуанның есімі берілгенімен қоса, ауыл орталығында ескірткіш қойылған.
Жас күнінде азуын айға білеген небір мықтыны алып ұрып, жетпіске қараған шағында майдан шебіне көмек беруге ұмтылған тау тұлғаның есімі Өскеменге жеткенде, қошеметін асырып жіберу әсте артық болмас еді деген ой келеді. Бірақ өңірде бүгінге дейін іліп аларлық ешбір шара, оның ішінде сайыстардың қолға алынбағаны қынжылтпай қоймайды. Абай облысы құрылмай тұрып, Бесқарағай ауданы Шығыс Қазақстан құрамында болды. Ал аттай 60 жылдан астам уақыт бұрын Италияның Рим қаласында өткен Жазғы Олимпиада ойындарында 4*100 метр эстафетаға жүгіруде күміс медаль иеленген Ғұсман Қосанов сол Бесқарағай ауданының тумасы. Аузыменен құс тістеген желаяқ та көп адамның көкейінде ұмытылып қала берді. Оның жүлдесіне өтетін сайыс (мемориал) тек Алматыда ұйымдастырылады.
– Облыстық жарыстарды өткізу үшін спорттық-бұқаралық іс-шаралар бірыңғай өңірлік күнтізбелік жоспарына аккредиттелген федерация ұсынысымен енгізіледі. Осы жылы Қажымұқан Мұңайтпасұлының атындағы облыстық жарыстар ұйымдастырылмады, – деді басшының міндетін атқарушы.
Естеріңізде болса, Өскемендегі Күленов кентінде Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлы мен тағы бір Кеңес Одағының батыры, мерген қыз Әлия Молдағұлованың атына көше берілген. Кенесары көшесі мүлде Ахмер кентінің бір түкпірінде. Тау тұлғалардың тұғырға қонбай, Шығыс топырағында шет жаққа жылжытылуы өз алдына тақырып.
–  Облыс көлемінде спорттық нысандарға Рыпакова Ольга Сергеевна және Александров Борис Викторович спортшыларының есімі берілген, – делінген Серік Құсұмбаев жолдаған жауапта.
Қысқасы, кезінде Досжан Уалханов берген ақпараттағы үмітке толы сөйлемдер нақты бір іс-әрекетке айналмайтын сияқты. Одан бөлек, дене шынықтыру және спорт басқармасы тарапынан берілген жауап тұщымсыз. Жер жаһанды аралап, «сен тұр, мен атайын» деген алыптардың жауырынын иіскеткен Қажымұқан Мұңайтпасұлының есімі шенеуніктер қол қойған құжатта сол күйі қалып қоятындай.
Әділхан ЕСІМХАНОВ

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив