Тоқты
Ізденіс жасап, жаңа мәліметтермен сусындауға ыңғайлы кез. Жұмыста бірқалыпты, алаңсыз шақ орнайды. Денсаулығыңызға мән беруді ұмытпаңыз, ұсақ-түйек нәрселерге күйіп-пісудің қажеті жоқ.
Торпақ
Апта ортасында осалдығыңыз оянатын кез – жұмыстағы жүктемені орындаудан қашқақтап, сәл еркелікке басасыз. Отбасылы Торпақтарға өмірлік серігіне барынша сыпайы сөйлеп, әлдене жоспардағыдай болмай жатса ұрсып-зекімеген жөн.
Егіздер
Ел-жұртпен әңгімеңіз жараспай жатса алдағы өміріңізде сол адамның көмегі тие ме, жоқ па, байланысты күшейту қажет не қажет еместігін зерделеңіз. Егер бағытыңызды әлдеқашан айқындап қойсаңыз, онда құр-босқа күмәнданудың қажеті жоқ.
Шаян
Мүмкіндігіңізше үйіңізді жинастырып, тазалыққа мән беруге тырысыңыз. Көп нәрсеге қолыңыз тимей жүрсе алдағы екі-үш күнде соны қолға алыңыз. Барлығын уақтылы орындасаңыз демалысқа да уақыт табасыз.
Арыстан
Қандай жаңалық естісеңіз де таң-тамаша кейіп танытпайсыз. Мұның бір себебі, соңғы уақытта өзгерістердің көп болуы, ауыс-күйістердің жиілеуімен байланысты. Өткен-кеткен келеңсіз жайттарды ұмытып, сезім қылын жалғай түсесіз.
Бикеш
Жұмыста барлық тапсырманы орындауға емеурін таныта бермегеніңіз жөн. Жанұяңызға қатысты маңызды шешім қабылдауда да асығыс қадамға бармаңыз. Біреу-міреу қателесіп жатса, түсіністікпен қарап, қолдап жіберіңіз.
Таразы
Осы аптада айналаңыздағы адамдармен емен-жарқын араласып, шер тарқатысыңыз. Жұлдыздар да осыған үндейді. Әлдебір қиындыққа тап болсаңыз іште сақтамауға тырысыңыз. Жалғыздық жарға сүйрейді.
Сарышаян
Әріптестеріңіз, я болмаса достарыңызбен кикілжің туындап қалса «сенікі қате, менікі дұрыс» деп кесіп айтудан аулақ болыңыз. Барлығы уақытша түйткілдер. Апта соңында жақындарыңыз хабарласып, өтініш айтулары мүмкін.
Мерген
Апта басында бірнеше қиындықпен ұшырасуыңыз мүмкін, ашу емес, ақылды бағдар қылыңыз. Шаруа шаш етектен болып, үлгермеуіңіз де ғажап емес. Шыдап бағыңыз, басшылық сізді осылай сынағысы келген болар.
Тауешкі
Қазір жұмыста да, отбасыңызда да түйіні тарқамай тұрған тірліктер бар. Жеке басыңыздың шеберлігіне күмән келтірсеңіз достарыңызға жүгініңіз. Бірлесіп атқарған жұмыс қашан да жемісін береді.
Суқұйғыш
Ай аяқталғалы қолды-аяққа тұрмай, қордаланған шаруаны бір мезетте тәмамдағыңыз келеді. Әлбетте, әліптің артын бағыңыз. Асығыс қадам жасамасаңыз апта аяқталмай барлығы қалпына келуі мүмкін.
Балықтар
Болмашы тірлікке алтын уақытыңызды кетірмеген азбал. Мақсатыңызға аз уақытта жеткіңіз келсе осыған дейін қандай бұралаң жолдан өткеніңізді ойға алыңыз. Кәсіби шеберлігіңіз әлі де өз деңгейінде.
Пікірлер