Жаңа жыл мерекесінде қазақстандықтар қанша күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
2026 жылы 1 қаңтар аптаның соңына тура келетіндіктен, қазақстандықтар 30 және 31 желтоқсанда әдеттегідей жұмыс істейді. Осыдан кейін төрт күн қатарынан демалыс беріледі. 5 қаңтарда жұмыс қайта жалғасып, Рождество мерекесіне дейін екі күн еңбек күні болады. 7 қаңтар сәрсенбіге сәйкес келіп, тағы бір ресми демалыс күнін береді.
Бес күндік жұмыс аптасы үшін:
30, 31 желтоқсан – жұмыс
1, 2, 3, 4 қаңтар – демалыс
5, 6 қаңтар – жұмыс
7 қаңтар – демалыс
Жалпы: 12 демалыс күні, 19 жұмыс күні.
Алты күндік жұмыс аптасы үшін:
30, 31 желтоқсан – жұмыс
1, 2 қаңтар – демалыс
3, 5, 6 қаңтар – жұмыс
7 қаңтар – демалыс
Жалпы: 7 демалыс күні, 24 жұмыс күні.
Пікірлер