A+ A A-

talgatzhan 56 Бүгін, 14:00 0

ШҚО-да «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» науқаны басталды

Бүгін / ШҚО

Науқан аясында Қоғамдық қауіпсіздік департаментінің Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімі қызметкерлері Өскемен өнер мұражайында ақпараттық дәріс өткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Шара барысында қатысушылар тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау тетіктері туралы жан-жақты ақпарат алды. Атап айтқанда, қорғаныс ұйғарымдарының мәні, агрессор мен жәбірленуші арасындағы байланысты шектеу шаралары, зорлық-зомбылық үшін қарастырылған жауапкершілік, сондай-ақ жәбірленушілерге уақытша баспана, психологиялық және заңгерлік көмек көрсететін дағдарыс орталықтарының жұмысы түсіндірілді.
Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Алена Мокинаның айтуынша, мұндай жағдайлар жақын адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіреді.
- Көпшілігі көмек сұрауға қорқады. Алайда есте сақтау қажет: сіз жалғыз емессіз. Полиция мен дағдарыс орталықтары әрқашан қолдау көрсетуге және қорғауға дайын. Ең бастысы – үн қатып, дер кезінде әрекет ету, – деді ол.
Іс-шара отбасын қорғау тек полицияның емес, әр азаматтың ортақ міндеті екенін көрсетті. Сондай-ақ қатысушылар зорлық-зомбылықты елемеуге болмайтынын, ал уақтылы көрсетілген көмек отбасындағы тыныштық пен сенімді сақтап қалуға мүмкіндік беретінін түсінді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив