A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 11:40 0

ШҚО-да ауыл шаруашылығымен айналысатындарға 460 техника лизингке берілді

Бүгін / ШҚО

«ҚазАгроҚаржы» АҚ ақпаратынша, жыл басынан бері ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 14,3 млрд теңгеге 460 ауыл шаруашылығы техникасы лизингке берілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ажар Қаджибекованың сөзінше, биыл өсімдік шаруашылығын дамытуды субсидиялау бағдарламалары шеңберінде 6,1 млрд теңге бөлінді.
- Бағытталған қаражат тиісті бағыттар бойынша 99%-ға игерілді: тұқым шаруашылығын қолдауға - 1,1 млрд теңге, минералды тыңайтқыштардың құнын арзандатуға 3,6 млрд теңге, пестицидтердің құнын арзандатуға 1,3 млрд теңге, суармалы суды жеткізу бойынша қызметтерді субсидиялауға 0,016 млрд теңге бөлінді, - деді Ажар Елемесқызы. 
Сондай-ақ әлі 1,6 млрд теңгеге өсімдік шаруашылығын субсидиялауға қосымша қажеттілік бар. Мәселен, минералды тыңайтқыштар бағасын төмендету бойынша 299,1 млн теңгеге 239 өтінім, пестицидтер бағасын арзандату бойынша 519,9 млн теңгеге 626 өтінім, тұқым шаруашылығын қолдау бойынша 784,5 млн теңгеге 433 өтінім бар. 

Қымбат МУХАМАДИЕВА

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив