A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 09:00 0

Еліміздің біраз өңірін тұман басады

Бүгін / Республика

«Қазгидромет» РМК елдің 13 облысында  ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының шығысында көктайғақ, батыс, солтүстігі мен орталығын тұман басады.
Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі.
Маңғыстау облысының солтүстігі, шығысы және орталығында да тұман басады деп болжанып отыр.
Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында тұманды болады.
Атырау облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.
Ақтөбе облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұманды күн райы болады.
Абай облысының батысы, солтүстігі және орталығында қар, бұрқасын және көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың шығысы мен оңтүстігінде тұман байқалады. Күндіз солтүстігі мен оңтүстігінде батыс, солтүстік-батыс желі 15–20 м/с дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі, шығысы және оңтүтігінде қар, бұрқасын және көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең шығысы мен оңтүстігінде тұман болжанады. Күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде батыс, солтүстік-батыс желі 15–20 м/с дейін күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының батысы, солтүстігі және шығысында тұман болады.
Ақмола облысының батысы, солтүстігі және шығысында тұман күтіледі.
Қостанай облысының солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде тұман болжанады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында аздаған қар және бұрқасын болады. Түнде және таңертең батысы мен оңтүстігінде тұман. Облыстың солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде солтүстік-батыс, батыс желі 
15–20 м/с дейін күшейеді.
Павлодар облысының солтүстігі мен шығысында тұман және көктайғақ болады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив