A+ A A-

talgatzhan 64 Бүгін, 14:00 0

Елде қанша лифтіні ауыстыру керек

Бүгін / Республика

Кейінгі жылдары Қазақстанда лифт қауіпсіздігі мәселесі аса өткір болып отыр, алайда жүйелі шешімдер қабылданған жоқ. Бұл туралы сенатор Бекбол Орынбасаров депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Сенатордың айтуынша, ол осыған дейін лифтілер мен көтергіш механизмдердің қауіпсіздігі мәселелерін көтерген болатын. Алайда мемлекеттік органдар атүсті жауаптарын жолдап, нақты шаралар орындалмаған. Ол бұл тақырыпқа қайта оралуға мәжбүр екенін атап өтті. Өйткені, немқұрайлы көзқарас қайғылы жағдайға әкеледі.
- Қазақстандағы лифтерді пайдалану жағдайы нашарлап келеді. Жергілікті атқарушы органдардың толық кадрлық жеткіліксіздігі, лифтерге бақылауды формальды етуде: әкімдіктерде штат та, мамандар да, техникалық база да жоқ. Мысалы, Астанада тұрғын үй инспекциясында 10 430 лифтіге екі адам ғана бақылау жүргізеді және бір уақытта газ баллондарына да жауап береді, ал облыстардағы инспекторлар лифтілердің қауіпсіздік механизмдері жөнінде тіпті минималды білімге де ие емес. 2013 жылы лифтіге бақылауды жергілікті атқарушы органдарға беру — бұл өте қате шешім болды. Сол кезде Төтенше жағдайлар министрлігінің кәсіби бақылау функцияларын оңтайландыру деген желеумен әкімдіктерге берді. Жергілікті деңгейде бұл функциялар жай ғана басқа қызметтермен сіңісіп кеткен, яғни штаттар қысқартылды, жауапкершілік мүлдем жойылды, - деді Бекбол Орынбасаров Сенаттың жалпы отырысында.
Сонымен қатар депутат 2014 жылы лицензия жойылғаннан кейін, лифтіге қызмет көрсету нарығын жабдығы да, біліктілігі мен рұқсаты да жоқ компаниялар басып қалғанын атап өтті. Мемлекеттік сатып алуларда жеңіске жеткен ұйымдардың жартысынан көбі лифтімен жұмыс істеуге құқылы емес, бұл саланы іс жүзінде «сұр салаға» айналдырды.
- Ең маңызды мәселе — лифт паркінің ескіруі. Лифтілерді нормативті пайдалану мерзімі 25 жыл, одан кейін кейін оны жөндеу мүмкін емес, тек ауыстыру қажет. Бүгінде Қазақстанда 4 мыңнан астам лифт ауыстыруды қажет етеді. Ал Еразиялық экономикалық комиссияның деректері бойынша шамамен 7 мың лифт пайдалану мерзімін аяқтаған. Бұл өз кезегінде әрбір оныншы лифт ықтимал қауіп төндіретінін білдіреді, — деді сенатор.
Оның пайымынша, көппәтерлі тұрғын үй объектілеріндегі лифтілерге мемлекеттік бақылауды әкімдіктерден Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне қайтару қажет.
— Лифтілерді қауіпті техникалық механизм ретінде танып, қатаң бақылау шараларын қолдану және ескірген лифтілерді толық ауыстыруға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске қосу, өкілеттіліктерді қайта қарау және жаңа әрі тиімді алгоритм жасау үшін ведомствоаралық комиссия құруды ұсынамыз. Сонымен қатар, лифт саласында қауіпсіздікті арттыру үшін мемлекеттік бақылау мен қадағалау органдарының өкілеттіліктерін аудиттен өткізу керек, - деді сенатор.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив