Аталған ақпаратпен облыс әкімдігі өклідері бөлісті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Соған сүйенсек, Шығыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы «Бейнебақылау жүйесін жаңғырту және кеңейту» жобасын іске асыратын «Satory Company Ltd» ЖШС компаниясымен бірлесе жұмыс істейді.
- Осыған сәйкес Өскемен қаласында бейнебақылау жабдығының қосылуын және құқық бұзушылықтарды тіркейтіндігі туралы хабарлайды. Жоба аясында бұрын орнатылған жабдықтар да, жаңа бейнебақылау камералары мен ЖҚЕ бұзушылықтарын тіркейтін аппараттық-бағдарламалық кешендер де қосылуға жатады. Осыған байланысты қала тұрғындарына әкімшілік жауапкершілікке тартылмау үшін жол қозғалысы мен қоғамдық тәртіп ережелерін сақтауды сұраймыз, - делінген ақпаратта.
Фотосурет Halyq-uni.kz
Пікірлер