A+ A A-

talgatzhan 26 6-01-2025, 13:22 0

Өскемен мен Риддерде ауа сапасы нашарлайды

Өскемен / Риддер

"Қазгидромет" РМК облыстық филиалының ақпаратынша, 6-қаңтарда сағат 20:00-ден 7-қаңтар сағат 20:00-ге дейін Өскемен мен Риддер қалаларында күтілетін қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты екінші дәрежелі ескерту жарияланды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив