A+ A A-

talgatzhan 32 3-03-2025, 16:15 0

Өскеменде жалған ақшамен сауда жасаған адам анықталды

Өскемен / Бүгін / Қылмыс

Облыс орталығындағы дүкендердің бірінде ер адам 10 000 теңгелік сувенирлік ақшамен төлем жасаған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жасанды ақшаны дүкен сатушысы сауда жасасқаннан кейін анықтап, бірден құқық қорғау органдарына жүгінген. Жедел-іздестіру іс шараларының нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталған. Ол бұған дейін алаяқтық бойынша сотталған болып шықты.
- Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, барлық мән-жайды анықтауға және күдіктінің өзге де заңсыз әрекеттерге қатыстылығын тексеруге бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде. Құқық қорғау органдары азаматтарды есеп айырысу кезінде банкноттардың түпнұсқалығын мұқият тексеру керектігі туралы есертеді. Күмәнді ақша белгілері анықталған жағдайда, дереу полицияға хабарласу қажет, - делінген ШҚО ПД баспасөз қызметі берген ақпаратта.

Фотосурет: kupifonar.kz

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив