A+ A A-

talgatzhan 26 8-10-2024, 11:20 0

«Торпедо» тағы да «Құлагерден» басым түсті

Өскемен / Спорт / Бүгін

Кеше Б.Александров атындағы спорт сарайында қос ұжым арасында тағы бір кездесу өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ойын басталмас бұрын «Берел» волейбол клубының орталық тосқауылшысы Ирина Малькова келіп, шайбаны алаңға тастады. Командаластары да бірге келіп, тартысты матчты тамашалап қайтты. Айдын иелері сапынан Степан Рифель алғаш болып есеп ашты. 
Әрі қарай Илья Кляузов пен Степан Александров қарсылас қақпасынан саңылау тауып, есепті 3:0-ге жеткізді. Сосын «Құлагер» ойыншылары бір голмен жауап берді.
Әрі қарай өскемендік ұжым сапынан Ян Тютюньков, Диас Рысбеков және Алексей Зубов гол салды. Қарсылас тарапынан Денис Недилько мен Александр Ананичев голмен жауап қатқанымен, есеп 6:3 есебімен «Торпедо» пайдасына шешілді.
Қазір өскемендік команда 8 ойында 14 ұпай жинап, турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді. Естеріңізде болса, мұның алдындағы кездесуде Степан Рифель бастаған жігіттер «Құлагерді» 4:1 есебімен ұтқан болатын.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив