A+ A A-

admin 19 16-10-2024, 16:30 0

Өскеменде 7500-ден астам әлеуметтік мемлекеттік қызмет проактивті түрде көрсетілді

Өскемен

Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік қызметтерді алудың проактивті форматы танымал болуда. Мәселен, биылғы жылы SMS арқылы 16 мыңға жуық әлеуметтік қызмет көрсетілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26 пайызға артық, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Проактивті тіркеудің басым бөлігі Өскеменде екенін ескеру керек. Жыл басынан бері Халыққа қызмет көрсету орталығына өтініш бермей, 7500-ден астам қала тұрғыны жәрдемақылар алған. Оның ішінде 500-ден астам адам көп балалы отбасыларға жәрдемақы рәсімдесе, 100-ге жуығы «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқасымен марапатталған аналар жәрдемақысы.

"Қызметті проактивті түрде алу үшін жас аналар тек SMS арқылы келісім беру қажет. Барлық қажетті мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен автоматты түрде беріледі. Бірақ, көрсетілетін қызметті алушының телефон нөмірі мобильді азаматтар базасында тіркелуі, яғни мәліметтер электрондық үкімет порталында болуы тиіс екенін есте ұстаған жөн", - деп атап өтті "Азаматтарға арналған үкімет" ШҚО филиалы директорының орынбасары Айжан Агибаева.

Айта кетейік, бүгінгі таңда әлеуметтік төлемдердің 14 түрін ресімдеуге болады, олардың ішінде:

- 1,5 жас жасқа дейінгі туу және бала күтімі бойынша жәрдемақы;

- "Алтын алқа" және "Күміс алқа"алқаларымен марапатталған аналарға арналған жәрдемақы;

- Мүгедектігі бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы;

- асыраушысына күтім жасау бойынша мемлекеттік жәрдемақы;

- көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы;

- мүгедек балаға күтім жасау бойынша мемлекеттік жәрдемақы.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив