Ресми ақпаратты қала әкімдігі өкілдері жуықта Өскеменде өткен брифингте ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Кеншілер қаласындағы бірқатар жобаны «Казцинк» ЖШС өкілдері іске асырып жатыр. Жалпы, қолға алынған істер төмендегідей:
- «Жаңа көлік жүйесін іске қосу арқылы Долинный-Обручевский кенішінің өнімділігін арттыру. Жобаның мақсаты Долинное кен орнын кеңейту және еңбек жағдайын жақсарту болып табылады. Жобаның құны 30 млрд. теңгені құрайды.
- «Казцинк» ЖШС байыту фабрикасын реконструкциялау, жобаның жалпы құны 23 млрд. теңге. Жобаның мақсаты - байыту фабрикасын пайдалану мерзімін ұзарту және шығарылатын дайын өнімнің сапасын арттыру.
- «Казцинк» ЖШС Риддер металлургиялық кешенінде «Гидрополимет» цехының құрылысы. Жобаның жалпы құны 28 млрд. теңге. Жобаның мақсаты - қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайту.
Фотосурет Egemen.kz сайтынан
Пікірлер