Санитарлық-гигиеналық торап жол бойындағы Бутаково және Зимовье ауылдарында салынады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшылығының мәліметінше, 2025 жылы қала сыртындағы облыстық маңызы бар жолдар бойында 10 абаттандырылған санитарлық-гигиеналық торап салу жоспарланған. Соның екеуі «Өскемен-Риддер» тасжолында салынады.
- Ерлер мен әйелдерге арналған бөлек бөлмелер бар. Оны мүмкіндігі шектеулі жандарға да пайдалануға болады. Сондай-ақ аталған заманауи санитарлық-гигиеналық торапта қол жуатын арнайы жер ойластырылады, - деді Риддер кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Әсел Жұмабаева.
Айтпақшы, ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы берген ресми мәліметке сүйенсек, жекеменшік иелері барлық белгіленген талаптарға сәйкес келетін санитарлық-гигиеналық тораптарды күтіп ұстағаны үшін мемлекет тарапынан айына 83 300 теңге субсидия алуға мүмкіндіктері бар.
Пікірлер