A+ A A-

talgatzhan 42 15-01-2025, 16:00 0

Риддерлік спортшылар Қытайда атой салды

Риддер / Спорт / Бүгін

Қаңтар айының 10-14 аралығында ел құрамасы Қытайда өткен «Үлкен Алтай-2025» II қысқы ойындарына қатысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Құрама сапындағы Риддер қаласының оқушылары да сәтті өнер көрсетті. Мәселен, Леонид Быструшкин жалғыз өзі екі алтын, бір күміс медаль олжалады.
Шаңғы жарысы:
Бейбарыс Асылхан
Қысқа қашықтықтағы жекелей жарыс – 1 орын
10 шақырымдық топтық жарыс – 2 орын
Леонид Быструшкин
Қысқа қашықтықтағы жекелей жарыс – 2 орын
Екі мәрте із кесу жарысы – 1 орын
10 шақырымдық топтық жарыс – 1 орын
Тау-шаңғысы бойынша Тимофей Костров: 
Супер гигант санаты – 3 орын; 
Супер гигант + слалом – 2 орын; 
Слалом – 1 орын иеленді.
Айта кетейік, Тимофей – спорт шебері.
Риддерлік спортшылар халықаралық маңызы бар жарыстарға жиі қатысады. Жүлдесіз қайтқан емес. Қысқы спорт түрлері бойынша жас спортшыларды даярлағаны үшін «Риддер қаласының ҚСТ бойынша БЖСМ» КММ және «Риддер қаласындағы РОРМИК»  РММ жаттықтырушылар құрамының еңбегін айта кеткен орынды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив