Анықталғандай, аудан тұрғындарының саны 41,5 мың адам. Бұл деген облыс халқының 5,7%-ына құрайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мұндағы жұрт саны соңғы үш жылда 765 адамға азайған. Аудан әкімдігінің ақпаратынша, туу көрсеткіші төмендеп кетті. Ал өлім-жітім, керісінше артып тұр. Былтыр 388 сәби өмірге келсе, 617 адам көз жұмды. Неге олай десеңіздер, мұнда қарт адамдар көп. Миграциялық айырбас кезінде аудан жұрты 326 адамға кеміген. Ресми ақпаратқа сәйкес, Шемонаихадан кеткен 1491 адамның 917-сі басқа аудандарға, 396 тұрғын өзге аймақтарға қоныс аударды. Одан бөлек, алыс-жақын шет елдерге кеткендері бар.
Фотосурет azattyq-ruhy.kz сайтынан
Пікірлер