Аудан әкімі Арман Бекбосынов білім беру саласының жаңа оқу жылындағы жаңалықтарымен бөлісті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мәлім болғандай, аудан бойынша бастауыш сыныпта оқитын 2009 оқушы тегін тамақпен қамтамасыз етілді.
- Оның ішінде аз қамтылған отбасыдан шыққан 990 оқушы бар. Сондай-ақ 1723 оқушы мектеп формасымен және аяқ киіммен қамтылды, - деді Арман Ілиясұлы.
Айта кетерлік жайт, биыл Ұлан ауданының 12 мектебінде интернет жылдамдығын арттыру үшін жабдықталған "Starlink" спутнигі орнатылды.
Пікірлер