A+ A A-

talgatzhan 44 22-11-2024, 15:30 0

Зайсан ауданында 5000-ға тарта адам интернеттен қағылып отыр

Зайсан / Бүгін

Ресми ақпаратпен облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов бөлісті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мәлім болғандай, Зайсан жұртының 86,5 пайызы кеңжолақты интернетпен қамтылған. Тұрғындар 20 елдімекенде мобильді интернет жоқ деп шағым түсірген. Статистикаға сенсек, интернеті нашар ауылдарда барлығы 4800-дей адам тұрады. Облыс әкімінің бірінші орынбасары бұл мәселе ұялы байланыс операторларымен бірлесе, кезең-кезеңімен шешілетінін алға тартты.
– Зайсан ауданындағы 27 мектептің 16-ын жоғары жылдамдықты интернетпен қамту үшін Starlink спутниктері орнатылды. Шекара жақын болғандықтан, қалған мектепке жақын арада жылдамдығы жоғары интернет жетеді, – деді Нұрымбет Аманұлы. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив