A+ A A-

talgatzhan 51 29-11-2024, 12:36 0

Келер жылы Зайсан ауданының Жарсу ауылында жаңа мектеп салына ма?

Зайсан

Зайсан аудандық білім бөлімі берген мәліметке сүйенсек, 2025 жылы Жарсу ауылында мектеп құрылысын бастау жоспарда бар, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.


Сұраухаттың әр сұрағына бір ауыз сөзбен жауап қайырған Зайсан ауданының ресми дерек бар. Саралай қарасақ, тағы сұрақ қоюға себеп көп. Мәселен, «аудан бойынша мұғалімдер тапшылығы орыс сыныптарында байқалады» делінген. Әсіресе математика және бастауыш сынып мұғалімдеріне сұраныс бар. Десек те, нақты қанша маман керек екендігі белгісіз. Зайсан аудандық білім бөлімі берген мәліметте ауданда апатты жағдайда мектеп жоқ, екі мектеп күрделі жөндеуді қажет етеді деп көрсетілген. Тағы да көкейде нақты қай мектептерді қайта жаңғырту керек деген сұрақ тұр. Аудандағы ең ескі ғимараттың қай жылы салынғаны мәлім болса да, қай мектеп екені беймәлім. Бар дерек сол – ең ескі білім беру нысаны аудан орталығында орналасқан. Қош жарайды, қолда бар сандық деректерге кезек берсек:

Жалпы, ауданда 27 мектеп жұмыс істеп тұр. Оның 17-сі он бір жылдық, 8-і негізгі білім беретін мектеп болса, қалған екеуі бастауыш сынып оқушыларын оқытады.

Ауданмектептеріндегімұғалімдерсанымыңғажуып, дәлірекайтсақ– 954.

   Мәлім болғандай, биыл Зайсан қаласы мен Үлкен Қаратал ауылында екі жаңа мектептің  құрылысы жүргізіліп жатыр. Келер жылдары Жарсу ауылында мектеп салыну жоспарда бар.


Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив