Дзюдо, қазақ күресі сияқты спорт түрлерін қатар меңгерген Зәмзәгүл Файзолланова да АЭС салу мәселесі бойынша өтіп жатқан референдумда өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Заманауи спортта әйелдердің үлкен жетістіктерге жетіп, ұлттық дәстүрлерін сақтауы сирек кездесетін құбылыс. Зайсан ауданының тумасы Зәмзәгүл Файзолланова – сондай қайсар тұлғалардың бірі.
Атом электр станциясын (АЭС) салу бойынша мәселеге қатысты да спорт шебері өз азаматтық белсенділігін көрсетіп, сайлаудан тыс қалмай, Жаңатұрмыс ауылындағы учаскеде өз дауысын берді.
Дзюдо мен қазақ күресі бойынша спорт шебері атанған бұл талантты спортшы, 100 жылдық мерейтойлық «Alash Pride» турнирінде жеңіске жетіп, көпшілік үшін күш-жігердің, табандылықтың символына айналған.
Пікірлер