«Alash Pride» 100 мерейтойлық турнирінің тұңғыш әйел чемпионы Замзагүл Файзолланова туған жеріне келіп, Зайсан қаласында жас спортшылармен кездесті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жерлесіміз дзюдо және қазақ күресі бойынша спорт шебері. Кіндік қаны тамған жерге атізін салған ол оқушылармен әңгімелесіп, спорт жолындағы тәжірибесімен бөлісті.
- Сонымен қатар, Замзагүл туған ауылы Жаңатұрмысқа барып, өзі оқыған мектебіне соғып, ұстаздарымен және оқушылармен жүздесті. Бала күнгі мұғалімдеріне ризашылығын білдіріп, оқушыларға спорт пен білімде биік белестерді бағындыруға тілектестік білдірді, - делінген әкімдіктің ресми парақшасында.
Замзагүлдің туған жерге оралуы жас ұрпаққа үлкен мотивация болды.
- Әрбір бала өз мақсатына жету жолында қайсарлық пен табандылық танытып, аудан абыройын асқақтата берсін! Зәмзагүл, сізге алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз. Спорттағы жетістіктеріңіз көбейіп, үлкен белестерді бағындыра беріңіз. Біз сіздің әрбір жеңісіңізге қуанамыз және мақтан тұтамыз! - деді әкімдік өкілдері.
Пікірлер