Зайсан ауданында оқушы қызды тізерлетіп кешірім сұратып жатқан видео тарады. Қазіргі уақытта полицейлер осыған қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оқиға Зайсан ауданында болған. Бұл туралы видео әлеуметтік желіде тарап кетті. Онда көрінгендей, оқушы қызға бір топ қыз әлімжеттік көрсеткен. Оны боқтап, жерге тізерлетіп кешірім сұратқан.
Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғаlы. Бұл туралы ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
«Қазіргі уақытта күдіктілер анықталып, тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар тәртіп бұзған қыз балалар мектепішілік есепке алынып, әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау комиссиясына тиісті ұсыныс енгізілді», - делінген ақпаратта.
Ведомство дерегінше, полицейлер бала тәрбиесіне байланысты өз міндеттерін орындамағаны үшін күдіктілердің ата-аналарын жауапкершілікке тарту мақсатында тиісті шараларды қабылдауда.
Пікірлер