Өңірде прокуратура органдары мемлекетке қайтарған қаражат есебінен 7 әлеуметтік нысанның құрылысы мен қайта жаңғырту жүзеге асырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Іске асырылған жобалар қатарында Риддердегі жаңа көпбейінді аурухана кешені, Алтай ауданындағы МРТ орналастыруға арналған корпус, Шемонаиха ауданының Волчанка ауылындағы дәрігерлік амбулатория, сондай-ақ Бозанбай, Асубұлақ, Отрадное және Большая Речка ауылдарындағы сумен жабдықтау нысандары бар.
– Аталған жобаларды іске асыру медициналық көмектің қолжетімділігін арттырып, өңірдің 3,5 мыңнан астам тұрғынын таза ауызсумен қамтуға мүмкіндік берді, – делінген Бас прокуратура мәліметінде.
Облыс прокуратурасы өкілдері құрылыс барысы мен қалған әлеуметтік маңызы бар нысанның уақтылы іске асырылуы тұрақты бақылауда екенін атап өтті.
Фото: basnews.kz
Пікірлер