«Алматы – Өскемен» жолының Алакөл ауданы аумағындағы 474-шақырымында үш автокөлік соқтығысып, ірі жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ресми ақпарат 24.kz сайтында жарияланған. Жетісу облыстық Полиция департаменті мәліметінше, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Алдын ала деректерге сенсек, Kia Sportage көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен. Салдарынан ол алдымен Toyota Highlander, сосын осы бағытта келе жатқан Lexus GS300 көлігімен соқтығысады.
Kia Sportage жүргізушісі мен екі жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында тіл тартпай кетті. Тағы алты адам түрлі дене жарақатымен медициналық мекемелерге жеткізілді. Қазір полиция қызметкерлері тергеу әрекеттерін жүргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Фото: tinfo.kz
Пікірлер