444.4 488.97 5.39
A+ A A-

ШҚО-да тұрмыстық құқық бұзушылықтар саны 19,9%-ға азайды

ШҚО-да тұрмыстық құқық бұзушылықтар саны 19,9%-ға азайды [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Өңірде отбасылық-тұрмыстық саладағы қылмыстық құқық бұзушылықтар санының төмендегені байқалады. Он айдың қорытындысы бойынша мұндай деректер саны 146-дан 117-ге дейін азайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Полиция департаментінде атап өткендей, жыл басынан бері отбасылық-тұрмыстық салада құқыққа қайшы әрекеттер жасаған 3 922 адам ӘҚБтК-нің 73-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Учаскелік полиция инспекторлары жәбірленушілерді қорғау мақсатында 2 917 қорғау нұсқамасын шығарды. Сот шешімімен құқық бұзушылардың мінез-құлқына қатысты 722 ерекше талап белгіленді.

Облыста «Қауіпсіз үй», «Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан», «Бізден сұраңыз, біз жаныңыздамыз» және «Сталкингке жол жоқ» атты әлеуметтік акциялары ұйымдастырылуда. Олардың мақсаты — қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек бар екенін жеткізу және ешкімнің өз мәселесімен жалғыз қалмауына ықпал ету.

Көмекке мұқтаж әр адам 111 және 150 сенім телефондарына хабарласа алады. 



Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив