Аталған көмекті алу үшін облыс орталығының әкімшілік аумағындағы ауылдарға көшу қажет, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Сонымен қатар бұл мамандарға тұрғын үй сатып алуға немесе салуға 2000 АЕК (8 млн 110 мың теңге) көлемінде бюджеттік несие беріледі.
Қазір бұл шаралар «Ашық НҚА» порталында талқылануда. Жоба Өскемен қалалық мәслихатының қаулысында қабылданған еді. Шаһардың экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі жобаны әзірледі. Оны талқылау 2 желтоқсанға дейін жалғасады. Денсаулық сақтау, білім беру және ветеринария саласының мамандары көшіру көмегін және тұрғын үйге арналған бюджеттік несиені алу үшін төмендегі ауылдарға көше алады:
- Меновное;
- Ахмер;
- Жаңа Ахмер;
- Нұрлы Көш;
- Ново-Троицкое;
- Прудхоз;
- Самсоновка.
Жоба қабылданып, қалалық бюджетте қаражат алдын ала бөлінсе, әлеуметтік қолдау шаралары ауылдағы маман тапшылығын жоюға көмектеседі. Аталған жоба сайлаудан кейін депутаттардың жаңа құрамымен өтетін қалалық мәслихаттың бірінші сессиясында шешіледі.
Пікірлер