444.4 488.97 5.39
A+ A A-

ШҚО алимент берешегі бойынша республикада ең төменгі орында тұр

ШҚО алимент берешегі бойынша республикада ең төменгі орында тұр [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Қазақстанда кәмелетке толмаған балаларға төленбеген алимент қарызы 146,1 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұл туралы Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті жариялады. 30 қыркүйектегі мәліметке сәйкес, өңірде алимент қарызы 2,5 млрд теңге болған. Бұл республикадағы ең төмен көрсеткіштердің бірі. Атап айтқанда, берешек көлемі Қызылорда облысында – 1,4 млрд теңге, Ұлытау облысында – 1,9 млрд теңге. Ал Шығыс Қазақстан облысында – 2,5 млрд теңге.
Ел бойынша ең жоғары берешек Астана қаласында тіркелді. Бұнда алимент қарызы 23 млрд теңгеге жетті. Екінші орында Павлодар облысы (14,8 млрд теңге) тұр. Ал Түркістан облысында 12,8 млрд теңге қарыз анықталды. 
Айта кету керек, бұл сандар 30 қыркүйектегі өтелмей қалған алимент берешегін көрсетеді. Есепке сот орындаушыларының қаулыларымен анықталған берешек қана енгізілген. Тіркелмеген қарыздар есепке алынбады.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив