444.4 488.97 5.39
A+ A A-

ШҚО-да биыл 966 жол-көлік оқиғасы тіркелді

ШҚО-да биыл 966 жол-көлік оқиғасы тіркелді [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Өңірде 100 мың тұрғынға шаққанда 135 жол апатынан келеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ресми мәліметті Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті жариялады.
Статистикаға сүйенсек, республика бойынша қаңтар-қазан аралығында 28 246 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,5 пайызға аз.
Жол апаттарының ең көбі Алматы қаласында болды. Мегаполисте 6369 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Екінші орында – Алматы облысы. Мұнда 3021 апат болды. Ал үштікті 2021 жол апаты тіркелген Астана қаласы түйіндейді.
Шығыс Қазақстан облысы жол-көлік оқиғаларының саны бойынша республикадағы 20 өңірдің ішінде алтыншы орынға жайғасқан. Аймақта биыл жол апатынан 34 адам көз жұмды.
Ал жол-көлік оқиғалары ең аз тіркелген өңір – Ұлытау облысы. Мұнда жыл басынан бері 198 апат болған.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив