A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 19:00 0

«Әділет» партиясының өкілдері Өскемен тұрғындарымен кездесті

Бүгін / Өскемен

Бүгін қаладағы Maxi Mall сауда орталығында «Әділет» партиясының өкілдері тұрғындармен кездесу өткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Іс-шара барысында партия өкілдері тұрғындарға ақпараттық материалдар таратып, алдағы Құрылтай сайлауына байланысты партияның сайлауалды бағдарламасы туралы мәлімет берді.

– Партияның өңірлік штабтары облыс орталықтарынан бастап аудан мен ауылдарға дейін жұмыс жүргізіп жатыр. «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері халық көп шоғырланатын орындарда ақпараттық материалдар таратып, тұрғындарды партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстыруда. Жалпы, партияның 8 мың жас белсендісі жұмылдырылды, - деді ШҚО бойынша «Әділет» партиясы жастар штабының белсендісі Эльмира Нұрсейітова.

Айта кетейік, Құрылтай сайлауына биыл 7 партия атынан бес жүзден аса кандидат тіркеліп отыр. Сайлауалды үгіт жұмыстары бүгіннен бастап бір айға жуық уақыт жүргізіледі. Құрылтай сайлауының өзі 23 тамызда өтеді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив