A+ A A-

talgatzhan 33 Бүгін, 14:00 0

«Әділет» партиясының кандидаттары Өскеменде тұрғындармен бірге жаттығу жасады

Бүгін / Өскемен

«Әділет» партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидаттар Шығыс Қазақстан облысында тұрғындармен ерекше форматта кездесу өткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Өскемендегі «Стрелка» ықшамауданында өткен таңғы жаттығуға 50-ден аса адам қатысып, бұқаралық спортты қолдау бастамасына үн қосты. Іс-шараны партия өкілдері белсенді жастармен бірлесіп ұйымдастырды. Ашық аспан астында өткен жаттығуға Құрылтай депутаттығына кандидаттар Ерлан Сайыр мен Жанат Мекеева да қатысты.

– Біз салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған басталамарды әрқашан қолдаймыз және олардан тыс қалмауға, мүмкіндігінше өзіміз де қатысуға тырысамыз. Бүгін қаламыздың ерекше көрікті жерлерінің бірі саналатын «Стрелка» ықшамауданында партия өкілдері мен жастар арасында таңғы жаттығу өткіздік. Жалпы, мұндай акцияларды барынша жиі өткізуге, және оларға мейлінше көп адамды жұмылдыруға тырысуымыз қажет, – деді таңғы жаттығуға қатысқан «Әділет» партиясы республикалық сайлауалды штабының мүшесі Ерлан Сайыр.

Партия басшылығының айтуынша, мұндай спорттық іс-шаралар алдағы уақытта Өскемен қаласынан бөлек, өңірдегі өзге елді мекендерде де ұйымдастырылады.

Айта кетейік, «Әділет» партиясының 2026–2031 жылдарға арналған «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасында 2029 жылға қарай азаматтардың кемінде 50 пайызына тұрақты түрде спортпен шұғылдануға жағдай жасау көзделген. Сондай-ақ тұтас ел аумағында салауатты өмір салтын дәріптейтін бұқаралық іс-шараларды көбейтіп, «Саламатты шаңырақ» ұлттық науқанын іске қосу жоспарланып отыр.

Дайындаған: «Әділет» партиясының баспасөз қызметі
«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді
Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив