A+ A A-

talgatzhan 40 Бүгін, 10:10 0

27 шілде мен 2 тамыз аралығына арналған жұлдыз-жорамал

Бүгін / Жұлдыз жорамал

Тоқты
Әлденеге алаңдап, үнемі ой үстінде жүресіз. Ақша болсын, кез келген мәселеге қатысты түйткілдердің пайда болып, кейін бірден шешімін табуы өмірдегі қазіргі аяқ алысыңызға байланысты. Сондықтан бір қадам алға басуға тырысыңыз. 

Торпақ
Сәрсенбі, бейсенбі күндері Торпақтардың өзімен-өзі қалғандары жөн. Себебі көптеген күрделі жайттарды саралауға мүмкіндік аласыз. Жұмыста әркез талпынып, белсенділік танытқаннан гөрі алыс жақтарға саяхаттап қайтыңыз.

Егіздер
Аптаның бел ортасында денсаулығыңыз сыр беріп, өзіңізді жайсыз сезінесіз. Тәтті мен ащыға деген әуестік бүйрек, бауыр қызметіне кері әсер етуі ғажап емес. Дұрысы, ақ халаттылардың қабылдауына барыңыз.

Шаян
Осы апта күндері шаш етектен қордаланған шаруалардың әлегімен жүресіз. Оқыс шешім шығарудан аулақ болыңыз. Егер басқа жұмысқа ауысуды ойласаңыз жеті рет өлшеп, бір рет кескеніңіз жөн.

Арыстан
Арыстандар табиғатынан кірпияз, өздеріне қандай қарым-қатынас жасалды, бәрін де ұдайы жадында ұстайды. Олардың кейбір қызбалыққа салынған кездерін көпшілік көтере алмай қалулары мүмкін, алайда олардың іскерлігі шынымен таңдай қақтырарлық.

Бикеш
Жұмыста ынта-жігеріңізді іске қосып, әріптестеріңіздің арасында беделіңізді арттыра түсіңіз. Бұлай ету оңай болмаса да басшылық жүктеген әр тапсырманы тиянақты етіп орындаңыз. Бикештер қатарының алды болғанды ұнатады.

Таразы
Осы аптада көпшілік ортасында көбірек уақыт өткізіңіз. Сауықтыру шараларына қатысып, өзіңізді әділ-қазы ретінде сынап көріңіз. Егер бос уақытыңызды барынша тиімді өткізгіңіз келсе, қосымша үйірмелерге жазлыңыз.

Сарышаян
Тосын жаңалықтар мен қарбаласқа толы кезең болмақ. Күш-қуатыңызды молынан жұмсағаныңызбен, қайта қалпыңызға келу көп күттірмейді. Шаршағанды басамын деп ішімдік пен темекіге әуестеніп кетпеңіз.

Мерген
Өзіңізді шығармашылық бағытқа бұрғыңыз келеді. Алайда кейбір материалдық қажеттіліктер кәсіпке ойысуыңызға себепкер болады. Ұдайы қарбаласпен жүріп өмірлік серігіңізге көңіл бөлуді ұмытпаңыз.

Тауешкі
Мәнсап сатысымен өрлеп, басқа қызметке ауысуға қолайлы кезең. Мол табысқа кенелуіңіз өзіңіздің кәсіби біліктілігіңіз бен жұмыс стиліңізге байланысты. Сондықтан жүйелі жоспарды таңертең ерте құрғаныңыз жөн.

Суқұйғыш
Қазір сенімді серік тауып, маңызды келісімшарт жасасудың тамаша мүмкіндігі туып тұр. Кез келген адамның ақыл-кеңесіне құлақ түріп, ой-пікірін тыңдаудың еш әбестігі жоқ. Демалыс күндері отбасыңызбен табиғат аясына шығып қайтыңыз.

Балықтар
Ақша мәселесі қыспаққа алып, күш-қуатыңыз соны қалыпқа келтіруге жұмсалады. Алайда түйткілдің төркіні сізде емес! Сағыңыз сынбасын, дегенмен өзгелердің табысын санаудан аулақ болыңыз.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив