Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет қайраткері Сәт Тоқпақбаевқа «Халық қаһарманы» атағын беру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі, Aqorda.kz сілтеме жасап.
«Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі үшін мемлекет қайраткері Сәт Бесімбайұлы Тоқпақбаевқа «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылды», делінген ақпаратта.
Сәт Тоқпақбаев Тәуелсіздік алған жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Төрағасы, ҚР Президентінің Күзет қызметінің бастығы, Республикалық гвардияның Қолбасшысы, ҚР Қорғаныс министрі, ҚР Тұңғыш Президентінің Кеңесшісі және Парламент депутаты қызметтерін атқарған.
Фотосурет: turkystan.kz
Пікірлер