Зайсан ауданында мүмкіндігі шектеулі 45 тұрғынға инватакси алу кезінде кедергілер байқалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Облыстық прокуратура мәліметінше, қадағалау актісі негізінде жергілікті бюджеттен арнайы көлік сатып алуға 26 млн теңге бөлінген. Ақша бөлінгенімен инватакси тек арнайы тексерістен кейін сатып алынды.
– Қабылданған шаралар нәтижесінде халықтың әлеуметтік осал топтары үшін медициналық және әлеуметтік көмекке қолжетімділік артты, – деді прокуратура өкілдері.
Фото: 24KZ
Пікірлер