448.98 502.45 5.45
A+ A A-

«Алматы – Өскемен» тасжолында заңсыз түрде тас пен топырақ өндірілген

«Алматы – Өскемен» тасжолында заңсыз түрде тас пен топырақ өндірілген [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Жетісу облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы республикалық маңызы бар «Алматы – Өскемен» тасжолын күрделі жөндеу жұмыстары барысында тас пен топырақты заңсыз өндіру дерегін анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Белгілі болғандай, мердігер ұйым тиісті рұқсат құжаттарынсыз тау бөктерінен тас пен топырақ қазып алып, оны жол құрылысы кезінде негіз ретінде пайдаланған.
Алдын ала есептеулер бойынша заңсыз жер қойнауын пайдалану салдарынан мемлекетке келтірілген залал көлемі 115 миллион теңгеден асады.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 334-бабы 3-бөлігінің 3-тармағымен (жер қойнауын өз бетінше пайдалану) қылмыстық іс тіркеліп, қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Тергеу барысы Жетісу облысының прокуратурасының бақылауында.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив