Оқиға бүгін таңғы сағат 5:45 шамасында Меновное кенті мен Есенберлин даңғылы арасындағы айналма жолда тіркелді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Полиция департаменті мәліметінше, жүк көлігі мен JETOUR маркалы автокөлігі соқтығысқан. Апат салдарынан JETOUR көлігінің жүргізушісі мен жолаушылары жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Пікірлер