Енді жүргізушілер мен жолаушылар жаңа нысан қызметін пайдалана алады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Самар ауданының әкімдігі мәліметінше, санитарлық орынның ашылуы өңірдегі жол бойы инфрақұрылымын дамытуға бағытталған. Бұл әсіресе ауданның табиғи көрікті жерлері мен туристік нысандарын аралауға келетін саяхатшылар үшін маңызды.
Әкімдік хабарлауынша, жыл сайын Шығыс Қазақстанға келетін туристер саны артып келеді. Осыған байланысты автомобиль жолдары бойында қолайлы жағдай жасау, санитарлық аймақтарды абаттандырып, жол бойындағы сервис сапасын арттыру өзекті болып отыр.
Жаңа нысан жолаушыларға қолайлы жағдай жасап, өңірдің туристік әлеуетін дамытуға үлес қосады деп күтілуде.
Пікірлер