448.98 502.45 5.45
A+ A A-

Семейде Лениннің соңғы ескерткіші алынып тасталуы мүмкін

Семейде Лениннің соңғы ескерткіші алынып тасталуы мүмкін [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Қалада Жамақаев көшесіндегі скверде орналасқан Ленин ескерткішінің жағдайы қоғам талқысына түсіп жатыр. Тұрғындар монументтің кетеуі кетіп, құлап кете ме қауіптенеді. Ал кейбірі ескерткішті мүлдем алып тастауды ұсынып отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Abainewskz мәліметінше, жергілікті тұрғындар қала әкімінің кеңесшісі Серік Байғалиевке жүгініп, монументтің техникалық жағдайын тексеруді сұраған. Айтуларынша, ескерткіштің қазіргі күйі соның маңынан өтетін адамдарға қауіп төндіруі мүмкін.

Серік Байғалиев нысанның техникалық жағдайын уақтылы бағалап, тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қабылдау қажеттігін атап өткен.

– Ең бастысы – болуы мүмкін қауіпті дер кезінде толығымен жою. Қала тұрғындары мен қонақтары қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек. Егер қандай да бір қатер анықталса, оның алдын алу үшін шұғыл шаралар қабылдау қажет, – деді ол.

Алайда монумент тағдыры тек оның техникалық жағдайымен шектелмей отыр. Әлеуметтік желіде пікір білдірген тұрғындардың бір бөлігі Ленин ескерткішін алып тастауды қолдады.

Олар қауіпсіздік мәселесінен бөлек, идеологиялық себептерді де алға тартып, қазіргі қала кеңістігінде мұндай монументтің қажеті жоқ деп санайды.

Дегенмен әзірге ескерткішті демонтаждау туралы ресми шешім қабылданбады. Алдымен билік өкілдері оның техникалық жағдайын тексеріп, ықтимал қауіп-қатерге баға бермек.

Фото: mysemey

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив