448.98 502.45 5.45
A+ A A-

Қазақстанда отбасылардың әл-ауқаты қалай бағаланады

Қазақстанда отбасылардың әл-ауқаты қалай бағаланады [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Қазақстанда Отбасының цифрлық картасы арқылы 6,2 млн отбасының әлеуметтік-экономикалық жағдайы бағаланып отыр. Жүйе әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтарды анықтау үшін табыс пен мүліктен бөлек, отбасы құрамын және тұрмыс жағдайын да ескереді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

2023 жылдан бері жұмыс істейтін Отбасының цифрлық картасы бүгінде шамамен 20,4 млн адамды қамтиды. Ол 30 цифрлық жүйедегі мәліметтерді пайдаланып, қажетті ақпаратты автоматты түрде жинақтайды.
Министрлік мәліметінше, отбасылардың жағдайы екі негізгі бағыт бойынша бағаланады. Олар – материалдық әл-ауқат және өмірлік жағдайлар.
Материалдық әл-ауқатты анықтау кезінде тұрғын үй, автокөлік, жер учаскесі, коммерциялық жылжымайтын мүлік, кәсіпкерлік қызметке қатысу және кредиттік жүктеме ескеріледі.
Бұл ретте мүліктің болуы ғана емес, оның сипаттамалары да маңызды. Мәселен, пәтері, автокөлігі немесе шағын жер учаскесі бар отбасы міндетті түрде ауқатты санатқа жатқызылмайды.


– Сонымен қатар жүйе отбасы мүшелерінің жасын, балалары, мүгедектігі бар және созылмалы аурулары бар адамдардың болуын, сондай-ақ отбасының әлеуметтік жағдайына әсер етуі мүмкін өзге де өмірлік мән-жайларды ескереді. Мысалы, екі отбасының табысы бірдей болғанымен, олардың тұрмыс жағдайы әртүрлі болуы мүмкін. Бір отбасында ата-ананың екеуі де жұмыс істесе, екіншісінде барлық отбасы мүшесін асырайтын тек бір адам. Оның үстіне отбасында кішкентай балалар немесе қосымша күтім мен шығынды қажет ететін мүгедектігі бар адамдардың болуы да қарастырылады, – делінген министрлік ақпаратында.


Жинақталған деректер негізінде әр отбасының әл-ауқат деңгейі бес санаттың біріне жатқызылады: жоғары, ауқатты, қанағаттанарлық, экономикалық осал немесе экономикалық және әлеуметтік осал.
Отбасының жағдайы цифрлық жүйелерден келіп түсетін жаңартылған мәліметтер негізінде тұрақты түрде қайта бағаланады.
Министрліктің түсіндіруінше, Отбасының цифрлық картасының басты мақсаты – әр отбасының нақты әлеуметтік-экономикалық жағдайын анықтап, өмірлік мән-жайларын ескере отырып, қажетті мемлекеттік қолдауды ұсыну.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив