448.98 502.45 5.45
A+ A A-

Қазақстан экономикасы 10 айда 4,5 пайызға өсті

Қазақстан экономикасы 10 айда 4,5 пайызға өсті [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректеріне сәйкес, 2026 жылдың қаңтар-қазан айларында Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 4,5 пайызға артты. Бұл тоғыз айдағы көрсеткіштен 0,3 пайыздық тармаққа жоғары, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ  сайтына сілтеме жасап.

Экономикалық өсімге негізінен шикізаттық емес сектор үлес қосып, оның көлемі 5,6 пайызға ұлғайды. Өнеркәсіп өндірісі 3,5 пайызға, ал өңдеу өнеркәсібі 9,3 пайызға өсті.
Өңдеу саласында жоғары өсім фармацевтикада (50,9%), дайын металл бұйымдарын өндіруде (30,4%), машина жасауда (22,2%), химия өнеркәсібінде (21,9%) және тамақ өнімдерін өндіруде (13%) тіркелді.

Бұдан бөлек, құрылыс саласы 13,1 пайызға, көлік және қойма шаруашылығы 7,5 пайызға, сауда 6,2 пайызға, ауыл шаруашылығы 5,2 пайызға, байланыс саласы 4,9 пайызға өсті.
Осылайша, экономикалық өсімнің негізгі қозғаушы күштерінің бірі өңдеу өнеркәсібі мен шикізаттық емес сектор болды.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив