A+ A A-

talgatzhan 60 Бүгін, 14:50 0

Самар ауданына Қытайдан 10 отбасы көшіп келді

Бүгін / Самар

Аудан әкімі Серік Жеңісов әкім болып тағайындалғалы аудан халқының саны қалай өзгергенін айтып берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Белгілі болғандай, 2024 жылдың соңында ауданда 11 200 адам тіркелген. Қазір ресми мәлімет бойынша тұрғындар саны 11 мыңға жуық. Алайда бұл көрсеткіштің төмендеуіне тек көшіп кету емес, халықты нақтылау жұмыстары да әсер еткен.

– Шынтуайтында, ауданда тұрмайтын адамдар да тіркеуде болған. Осы жолы сайлау кезінде санағанымызда 700-800 адамның нақты тұрмайтыны анықталды. Кейбірі басқа жерде тұрып жаста да, осы ауданда тіркеуде болған. Сондықтан тіркеу бойынша мәліметтерді ретке келтірдік. Көшіп кеткендер де бар, – деді аудан әкімі.

Әкімнің сөзінше, ауданнан көшіп жатқандардың басым бөлігі – жастар емес, егде жастағылар.

— Балалары оқуын аяқтап, қалада тұрақтап қалады да, ата-аналарын сол жаққа шақырады. Сондықтан көбінде қарт тұрғындар көшеді. Ал халық санын сақтап қалу үшін түрлі шара жүргізіліп жатыр, — деді аудан әкімі.

Аудан әкімдігі тұрғындар санын арттыру мақсатында елдің бірқатар өңіріне арнайы барып, Самар ауданына қоныс аударуға шақыру жұмыстарын жүргізген. Атап айтқанда, Түркістан, Шымкент және Қызылорда қалаларында түсіндіру және ақпараттандыру жұмыстары ұйымдастырылған. Сонымен қатар ауданға тарихи отанына оралған қандастар да қоныстанып жатыр.

— Қытайдан да қандастар келіп жатыр. 10 отбасы қоныс аударды. Олар өз кәсібін ашып, оны дамытуға жұмыс істеп жатыр, – деді Серік Жеңісов.

Аудан басшылығы мәліметінше, халық санын тұрақтандыруға бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив