Даниялық Bavarian Nordic A/S компаниясының MVA-BN вакцинасы алдын ала біліктіліктен өтіп, маймыл шешегіне қарсы алғашқы вакцина болды. Бұл туралы ДДҰ жазды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі
MVA-BN вакцинасын 18 жастан асқан адамдарға төрт апта аралықпен екі инъекция түрінде егіледі. Тоңазытқышта бастапқы сақтаудан кейін вакцинаны сегіз апта бойы +2 ... +8 градус температурада қалдыруға болады.
ДДҰ мәліметтері бойынша, MVA-BN бір реттік дозасы маймыл шешегінен қорғауда 76 пайыз тиімді, ал екі доза 82 пайыз тиімді деп бағаланған.
Айта кетейік, Африкада маймыл шешегіне шалдыққандар саны 22,8 мыңға жетті.
ДДСҰ маймыл шешегімен күресу үшін 135 млн долларлық жаһандық жоспарды іске қосты.
Пікірлер