A+ A A-

talgatzhan 149 27-09-2024, 10:30 0

Әлеуметтік желілер жастардың психикалық денсаулығына қалай әсер етіп отыр

Республика

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропадағы өңірлік бюросының жаңа деректеріне қарағанда, жасөспірімдер арасында әлеуметтік желіні қолдану бойынша проблемалы ахуал күрт өскен, яғни 2018 жылғы 7 пайыздан 2022 жылы 11 пайызға дейін жетті. Сонымен қатар, жасөспірімдердің 12 пайызы цифрлық ойындарға қатысты проблемалы мінез-құлық қаупіне ұшырайды, деп хабарлайды  Buqara.kz  сайтының тілшісі kazinform  сайтына сілтеме жасап.

Бұл өз кезегінде цифрлық технологияның жастардың психикалық денсаулығы мен әл-ауқатына кері әсері тұрғысында елеулі түрде алаңдатып отыр. Деректер 2022 жылы Еуропада, Орталық Азияда және Канадада (жалпы 44 ел мен өңірде) 11, 13 және 15 жастағы 280 мыңға жуық бала мен жасөспірім қамтылған «мектеп жасындағы балалардың тәртібі» (HBSC) зерттеуінен алынған. Зерттеудің негізгі қорытындылары Жасөспірімдердің 11 пайызында әлеуметтік желіге қатысты проблемалы мінез-құлық белгілері байқалды. Бұл ретте олардың осы желілерді пайдалану кезінде өз-өзіне ұстамды бола алмауы жағымсыз салдарға әкеледі. Әлеуметтік медиа аясындағы желілерді пайдалану барысында проблемалар ұлдарға (9%) қарағанда қыздар (13%) арасында жоғары. Жастардың үштен бір бөлігінен астамы (36%) достарымен желіде үнемі онлайн байланыста болатынын хабарлады (бұл көрсеткіш 15 жастағы қыздар арасында ең жоғары (44%) деңгейде болды). Жасөспірімдердің үштен бірі (34%) күн сайын цифрлық ойындарды ойнайды, сондай-ақ жасөспірімдердің 22 пайызы цифрлық ойындарға (ойнауға рұқсат етілген күндері) күніне кемінде төрт сағат жұмсайды. Ойындарға қатысты проблемалы мінез-құлық тәуекеліне жасөспірімдердің 12 пайызы шалдығуы мүмкін. Осы жағдай қыздарға (7%) қарағанда ұлдар (16%) арасында жиі кездеседі. Ұйым есебінде әлеуметтік желіні пайдаланудағы проблемалар тәуелділік белгілерімен сипатталатын мінез-құлық үлгісі ретінде айқындалған. Бұл белгілерге әлеуметтік желіні пайдалануда өзіне-өзі шектеу қоя алмау, әлеуметтік желіден шыққан кезде абстиненттік синдромның болуы, басқа жұмыстарға уақыт бөлмеу, сондай-ақ әлеуметтік желіні шамадан тыс пайдаланудың күнделікті өмірге теріс әсері жатады. Әлеуметтік желілерді шектеусіз қолданудың салдары Жасөспірімдер арасында әлеуметтік желіні қолданудағы проблеманың артуы кейіннен жастар үшін теріс салдарға әкелуі ықтимал. Осыған дейінгі зерттеулерге қарағанда, әлеуметтік желілерде тым ұзақ отыру психологиялық және әлеуметтік әл-ауқаттың төмендеуіне және психоактивті заттарды көбірек тұтынуға ықпал етеді. Бұл тенденция жасөспірімнің дамуына және денсаулығына айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Сонымен бірге, әлеуметтік желіні пайдалану проблемасы жастардың оқу үлгеріміне де теріс әсерін тигізеді, себебі олар кеш жатып, үнемі ұйқысы қанбай жүреді. ДДСҰ-ның Еуропадағы аймақтық кеңсесінің директоры, доктор Ханс Хенри П. Клюгенің пайымынша, әлеуметтік желі жасөспірімдердің денсаулығы мен әл-ауқатына оң және теріс әсер етуі мүмкін. «Сондықтан халықтың цифрлық сауаттылығын көтеруге ерекше мән берген жөн. Сонымен қатар, көптеген елде бұл бағытта тиісті жұмыстар атқарылмай жатыр. Ал цифрлық білім беру бағдарламалары бар мемлекеттер көбінесе технологияның заманауи үрдісі мен қарқынды дамуына ілесе алмай отыр. Қазір бұл кемшіліктердің салдарын көріп жатырмыз. Егер үкіметтер, денсаулық сақтау органдары, педагогтер мен ата-аналар осының бастапқы себептеріне назар аудармаса, оны түзету үшін нақты қадамдар жасамаса, жағдай ушыға түседі. Өңірдегі миллиондаған бала жазғы демалыстан кейін жаңа оқу жылы аясында мектепке келіп жатыр. Кейбір елдер балалардың белгілі бір жасқа толғанға дейін әлеуметтік желілерді пайдалануын шектеуді немесе толық тыйым салуды қарастырып отыр. Біз жасөспірімдерді әлеуметтік желілерді қолданудың жағымсыз салдарынан қорғау үшін дереу дәйекті шаралар қабылдауымыз керек. Бұл тұрғыда депрессия, буллинг, баланың көңіл-күйінің болмауы және оқу үлгерімінің нашарлауы сияқты мәселелерге айрықша назар аудару қажет», - дейді ол. Жастарға арналған көмектің ерекшелігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, әлеуметтік желіні пайдалану кезінде жастар арасында проблемаларға жол бермеуге бағытталған іс-шаралар нысаналы топтардың жасына сәйкес болуы керек, сондай-ақ мәдени ерекшеліктерін де ескерген жөн. Ең алдымен, бұл іс-шаралар арқылы жастардың цифрлық сауаттылығын арттырып, ғаламтор желісінде өзін дұрыс ұстау тәртібін түсіндіріп, әлеуметтік желілерде проблемалы мінездің пайда болуы қаупі бар адамдарға қолдау жасауы керек. Жастардың интернетті қауіпсіз пайдалана алуы үшін цифрлық орта мен цифрлық білім беруді жақсарту бойынша шаралар қабылдау қажет.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив