Сол жағалаудағы Сәтпаев даңғылы мен Жібек жолы көшесі қиылысында үш жолақты қозғалысы бар жол айрығының бірінші бөлігі биыл қаланың төрт жол магистралін біріктіреді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аталған жоба Сәтпаев және Есенберлин даңғылдарын, Жібек жолы мен Базовая көшелерін байланыстыратын ең ірі жол инфрақұрылымы тораптарының біріне айналмақ.
Қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ержан Ибраевтың мәліметінше, құрылыс үш кезеңге бөлінген.
- Бірінші кезең инженерлік желілерді алып тастауды қамтыды. Бұл жұмыс негізінен аяқталды. Екінші кезеңде қозғалысты бағыттау және көпір салу жұмыстарына жағдай жасау үшін уақытша, айналма және жобалық жолдар салынады. Соңғы кезеңде көпірдің өзі салынады. Қазір жол бөлігінде жұмыстар жүргізілуде. Биыл айналма жолды пайдалануға беру және жол өткелінің құрылысын бастау жоспарлануда, - деді Ержан Ибраев.
Осылайша, жыл соңына дейін айналма жол мен бұрылыс құрылысы аяқталмақ. Осыдан кейін учаске көлік қозғалысы үшін ашылады. Ал жол айырығын, соның ішінде жол өткелін толық аяқтау 2026 жылға жоспарланған.
Айта кету керек, жаңа жол айырығы екі деңгейлі болады: біріншісінде айналма жол, екіншісінде Сәтбаев және Есенберлин даңғылдарына апаратын көпір салынады. Айналма жолдың ішкі диаметрі 120 метр, ал сыртқы диаметрі 150 метр болады.
Пікірлер