A+ A A-

talgatzhan 49 30-09-2024, 15:00 0

Жәнібек Әлімханұлы мен Андрей Михайлович жекпе-жегі Қазақстанда тікелей эфирден көрсетіледі

Республика

WBO/IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) 4 қазанда жекпе-жек өткізеді, деп хабаралайды  Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қазақcтандық боксшы Жәнібек «Qazaq Style» Әлімханұлы (15-0, 10КО) кәсіпқой рингтегі 16 жекпе-жегін жаңа зеландиялық Андрей «Renegade» Михайловичке (20-0, 12КО) қарсы өткізейін деп отыр. Жоспарланған жекпе-жек Аустралияның Сидней қаласында өтеді. Кәсіпқой бокс кешін 4 қазан күні «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінен көре аласыздар. Эфир уақыты қосымша хабарланады. Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы мен Андрей Михайлович шілде айында жекпе-жекке шығуы керек еді. Алайда кездесу алдында «Қазақ стилі» салмақ қуамын деп, сәтсіздікке ұшырап, ағзаға су жетіспеушілігінен есінен танып, ауруханаға түскен болатын.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив