A+ A A-

talgatzhan 10 30-09-2024, 17:30 0

Келесі жылы елдегі 99 базар жаңғыртудан өтеді

Республика

Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әділбеков орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында келер жылы елдегі 99 базар жаңғыртылатынын айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

«Жыл басынан бері сауда базарларының жай-күйін бағалау еліміздің барлық өңірлеріне барып егжей-тегжей түгендеу жұмысы жүргізілді. Бұл жұмысты біз әкімдіктермен, мемлекеттік кірістер, төтенше жағдайлар, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау өкілдерімен бірлесіп жүргіздік. Өңірлік сапарлардың қорытындысы бойынша сауда базарларын жаңғырту жөніндегі Жол картасын өзектендірдік. Осылайша, өзектендірілген 2024-2025 жылдарға арналған Жол картасына сәйкес 115 базарды жаңғырту жоспарланған», - деді ол.
Комитет басшысының айтуныша, биыл 16 базарда жаңғырту жұмыстары аяқталуы керек. 

«Оның ішінде Алматыдағы «Сауран», «Сарыарқа», «Сауда кент», «Тигрохауд», «Кенжехан-1» және «Кенжехан 2» базарлары бар. Жыл соңына дейін Шымкент қаласында 3 базар, Алматы облысында 1, Жамбыл облысында 2, Қостанай және Ұлытау облыстарында 1 базар, Түркістан облысында 2 сауда базары жаңартылады. Ал келесі 2025 жылы 99 базарды жаңғырту жоспарланған», - деді Айдар Әділбеков.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив